Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі 59

Жаратылыстану пәндері үшін «Он күндік» жобасы аяқталды

Жаратылыстану пәндері үшін «Он күндік» жобасы аяқталды

1 сәуір күні Таланттарды анықтау және қолдау орталығы және «Edlight» академиясының бірлесе ұйымдастыруымен “Білім-Инновация” лицей базасында жаратылыстану-математика бағытындағы 🧪химия, 🔬биология,📐математика, 🔭физика, 🔎география, 🖥️ информатика пәндері мен 📖 ағылшын тілі пәні бойынша республикалық олимпиадаға жолдама алған оқушыларды дайындайтын «Он күндік» оқу – жаттығу жиыны аяқталды.

Тәжірибе алмасу мақсатында мектеп мұғалімдері «Edlight» академиясы тренерлерінің сабақтарына қатынасып, оқушыларды олимпиадаға дайындаудың озық, жаңа тәсілдерімен танысты.

Қорытынды жиында Таланттарды анықтау және қолдау орталығының директоры Р. Қ. Сарбалин «Edlight» академиясы тренерлерінің оқушыларды дайындаудағы жұмыстарына ризашылық білдіріп, республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі. Оқушылар тың біліммен бөліскен тренерлерге алғыс айтып, жаттығу жиыны үшін ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ алдағы уақытта оқушыларды олимпиадаға дайындауда нәтижеге қол жеткізу бағытында «Edlight» академиясы тренерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, талқылау барысында жұмысты жетілдіруге бағытталған ұсыныстар берілді.

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау