Жалпы білім беретін мектептердің 5-11 сынып оқушылары арасында Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Қадыр Мырза-Әлі шығармаларын насихаттау, оқушылардың поэзияға деген құштарлықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, ақынның сөздеріне жазылған әндерін дәріптеу мақсатында ІV Республикалық «Қадыр оқулары» өткізіледі.
«Қадыр оқулары» аудандық (қалалық), облыстық және республикалық кезеңдерді қамтиды.
Байқаудың облыстық кезеңі 2021 жылдың 15-16 cәуір аралығында онлайн форматта 3 номинация бойынша өтеді.
1.«Сөзім барда – өзім бар»– ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу.
2.«Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы…» – ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындау.
3.«Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» – жазба ақындар мүшайрасы.
Облыстық байқау қорытындысына сәйкес әр бөлім бойынша бас жүлде, жүлделі І орын, ІІ орын (2 жүлдегер), ІІІ орын ( 3 жүлдегер) алған оқушылар арнайы дипломдармен марапатталады.
Конкурс бөлімдеріне сай жүлделі орындардан тыс оқушыларға Алғыс хат пен сертификат тапсырылады.






