Таланттарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептердің 5-11-класс оқушылары арасында ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Қадыр Мырза-Әлі шығармаларын насихаттау, оқушылардың поэзияға деген құштарлықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, ақынның сөздеріне жазылған әндерін дәріптеу мақсатында ІV Республикалық «Қадыр оқуларының» облыстық кезеңі 15-16 cәуір аралығында Атырау қалалық Білім бөлімі «Атырау қалалық оқушылар орталығы» базасында МКҚК базасында ZOOM форматында өтті.
Байқаудың облыстық кезеңіне Мақат, Махамбет, Жылыой, Индер, Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға аудандары мен Атырау қалалық Білім бөліміне қарасты жалпы білім беру ұйымдардан және облыстық мамандандырылған мектептерден, атап айтсақ, Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназиядан, Атырау облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернатынан, Атырау облыстық дарынды балаларға арналған Жылыой лицей-интернатынан, Н. Тілендиев атындағы Атырау облыстық «Кіші Өнер академиясы» дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар мамандандырылған мектептен, Ж.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық интернаттық мекемесі бар лицейден жалпы саны 31 оқушы қатысты.
Байқау 3 номинация бойынша өтті.
1– номинация «Сөзім барда – өзім бар»- ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу бөлімінде оқушылар ақынның шығармаларын Zoom платформасы арқылы нақышына келтіріп, жатқа оқыды.
2– номинация «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы…» – ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындау бөлімінде қатысушы 1 ән дайындап, ұсынды.
3– номинация «Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» – жазба ақындар мүшайрасы бөлімінде қатысушының ақындық шеберлігін тексеру мақсатында берілген тақырып бойынша Қадыр Мырза-Әліге арнап өлең шығарып, шығармасын Zoom платформасы арқылы мәнерлеп оқыды.
Қатысушылардың жұмысын 6 адамнан құрылған қазылар алқасы бағалап, байқау қорытындысына сәйкес әр номинация бойынша қатысушыларды бас жүлде және І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапаттады.
Сондай-ақ жүлделі орындардан тыс оқушыларға Алғыс хат пен сертификат тапсырылды.
Облыстық байқау қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған жеңімпаздар «Қадыр оқуларының» республикалық кезеңіне жолдама алды.
Жеңімпаз мен жүлдегерлер:
«СӨЗІМ БАРДА – ӨЗІМ БАР»- АҚЫН ӨЛЕҢДЕРІН МӘНЕРЛЕП ОҚУ
Алғыс хат:
- Сарсенғазыұлы Мақсат – «Атырау облысы дарынды балаларға арналған Жылыой лицей-интернаты» КММ 7-сынып оқушысы
- Ғинаят Айзере – Мейрамбекқызы Исатай ауданы, Исатай орта мектебі 6-сынып оқушысы
- Назира Мәдениет Бекенқызы – Атырау облысы дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернаты 8-оқушысы
- Қайратқызы Сабина – Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия, 8-сынып оқушысы
- Қайырғалиева Дильназ – Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылы, Қосарал орта мектебі 10-сынып оқушысы
- Рахметолла Аида – Мақат ауданы М.Баймұханов атындағы орта мектебі 9-сынып оқушысы
ІІІ дәрежелі диплом:
- Салимгерейқызы Фатима – Н.Тілендиев атындағы Атырау облыстық «Кіші өнер академиясы» дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар мамандандырылған мектеп 5-сынып оқушысы
- Ерсін Еңлік – Атырау қаласы №8 У.Атамбаев атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы
- Таупихова Дарина – Атырау қаласы Ж. Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық лицей 10-сынып оқушысы
ІІ дәрежелі диплом:
- Алхам Айтолған – Қызылқоға ауданы, Қарабау орта мектебі 8-сынып оқушысы
- Дәулетбай Асият – Жылыой ауданы «№7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ 9-сынып оқушысы
І дәрежелі диплом:
Серікбаева Дина – Құрманғазы ауданы Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі 9-сынып оқушысы
Бас жүлде:
Әлжанова Қарақат Айдынғалиқызы – Атырау облысы Индер ауданы Ынтымақ ауылы Ә.Кекілбайұлы атындағы орта мектебі 9-сынып оқушысы
«БОЛУ ҮШІН ЖАРАЛҒАМ ТУҒАН ЖЕРДІҢ ЖЫРАУЫ…» – АҚЫН ӨЛЕҢДЕРІНЕ ЖАЗЫЛҒАН ӘНДЕРДІ ОРЫНДАУ
Сертификат:
Серік Жанэль – Махамбет ауданы, О.Шонаев атындағы орта мектебі 5-сынып оқушысы
Алғыс хат:
Болат Альбинаь – Жылыой ауданы«№23 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ 9- сынып оқушысы
ІІІ дәрежелі диплом:
Сейілқызы Айжұлдыз – Қызылқоға ауданы, Қарабау орта мектебі 8-сынып оқушысы
Бағдад Елхан Бағдатұлы – Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылы Жамбыл атындағы орта мектебі 10-сынып оқушысы
Мұстахим Ермұрат Сейтжанұлы – Исатай ауданы, Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия – интернаты 6-сынып оқушысы
ІІ дәрежелі диплом:
- Махамбетұлы Нұртілек – Құрманғазы ауданы Еңбекші жалпы орта мектебі 9-сынып оқушысы
- Ескендір Зулхарнайын – «Атырау облысы дарынды балаларға арналған Жылыой лицей-интернаты» КММ 9-сынып оқушысы
І дәрежелі диплом:
Маңғыстау Сымбат – Мақат ауданы Х.Санбаев атындағы орта мектебі 6-сынып оқушысы
Бас жүлде:
Темірхан Әли – Атырау қаласы, №16 Ж.Қаражігітов атындағы мектеп-лицейінің оқушысы
«ӨЛЕҢ ЖАЗДЫМ ТОҒЫЗ ТАРАУ, ЖЕТІ ӨРІМ» – ЖАЗБА АҚЫНДАР МҮШАЙРАСЫ
Алғыс хат:
- Қараша Дархан – «Атырау облысы дарынды балаларға арналған Жылыой лицей-интернаты» КММ 9 «б» сынып оқушысы
- Жәңгірова Дана Маратқызы – Махамбет ауданы, Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі 9-сынып оқушысы
- Ғалымжан Ардақ Қайратқызы – Атырау облысы Индер ауданы Бөдене ауылы
Бөдене орта мектебі 9-сынып оқушысы
ІІІ дәрежелі диплом:
- Құлбай Нұрперзент Нұрболұлы – Қызылқоға ауданы, Ш.Еркінов атындағы орта мектеп 11-сынып оқушысы
- Аманова Әсемай Русланқызы – Атырау қаласы, Бесікті селосы Бесікті орта мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы
- Жанұзақова Дильназ – Н.Тілендиев атындағы Атырау облыстық «Кіші өнер академиясы» дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар мамандандырылған мектеп оқушысы
ІІ дәрежелі диплом:
- Сапаргалиева Дильназ – Мақат ауданы Х.Санбаев атындағы орта мектебі 11-сынып оқушысы
- Амангелді Дана – Исатай ауданы, Исатай орта мектебі 10-сынып оқушысы
І дәрежелі диплом
Қалижан Алина – Құрманғазы ауданы Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебі 8- сынып оқушысы
Бас жулде:
Салауатұлы Ернұр – Жылыой ауданы «№3 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ 11- сынып оқушысы












