Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі 59

Пәндік олимпиададан Атырау облысы 4 орында

Пәндік олимпиададан Атырау облысы 4 орында

25-30 сәуірі аралығында 2020-2021 оқу жылының Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиадасының қорытындысына сәйкес Атырау облысының қатысушыларының жалпы медаль саны бойынша 4 орынға ие болды.

Олимпиадаға облысымыздан жалпы саны 73 оқушы қатысса, соның 43-і жүлдеге ілікті. І орынға ие болғандар саны – 6, ІІ орынға ие болғандар – 17 оқушы болса, 20 оқушы ІІІ орынды иемденді.

Ал гуманитарлық пәндер бойынша облысымыз республика бойынша 1 орынға нық жайғасты. 

Атырау қаласы бойынша олимпиаданың қорытынды кезеңіне барлығы 73 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша 32 оқушы, жаратылыстану-математика бағыты бойынша 41 оқушы қатысқан болатын.

Тағы бір қуанышты жаңалық, Атырау облыстық “Білім-Инновация” лицейі жалпы есепте екінші орынға ие болса, елдегі барлық БИЛ-дердің ішінде 1 орынға шықты. Сондай-ақ 2020-2021 оқу жылындағы республикалық олимпиадалар қорытындысы бойынша БИЛ-ден бөлек, атыраулық 4  білім беру ұйымы үздіктер қатарынан көрінді. 

  1. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі(25-орын);
  2. №38 мектеп-лицейі(84-орын);
  3. Дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия(90-орын);
  4. Ж.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған лицей(110-орын)

Жалпы бұл олимпиадаға облыс қатысушылары жақсы дайындықтан өтті. Таланттарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырған 23 наурыз бен 3 сәуір аралығында “Он күндік” жобасы бойынша, еліміздегі және облыстағы үздік педагогтар дәріс оқып, дайындық жүргізді.

Сондай-ақ, олимпиада алдында 23-24 сәуір күндері облыстағы білікті психолог мамандар олимпиада қатысушыларына онлайн психологиялық жаттығулар өткізді.

Осы атқарылған шаралардың барлығы да олимпиада қорытындысына жақсы әсер етті деуге негіз бар. Ендігі облыстың білім саласының мамандарына осы межеден түспей, тек ілгері қадам жасау міндеті тұр.

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау