Бүгін, 12 мамырда «Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» базасында онлайн форматта «Мың бала» облыстық мәдени-ағартушылық жобасы өтеді.
Жобаның мақсаты – Мемлекеттік тілді үйрету арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту. Қазақ әліпбиінің латын графикасын дамыту.
Жоба екі кезеңнен – өңірлік, республикалық кезеңнен тұрады.
«Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы Қазақстан этностарының балаларын мемлекеттік тілге оқыту жобасы ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2015 жылдан бастап жүзеге асырылуда.
Өткен жылы Жоба аясында Қазақстанның барлық өңірлерінде 24 870 іс-шара ұйымдастырылып, оған 383 690 бала және жас өрендер тартылды. Солардың нәтижесінде 73 472 бала мемлекеттік тілді айтарлықтай жоғары деңгейде меңгеруге қол жеткізді.
Жобаны іске асыру нәтижелері бойынша жыл сайын мемлекеттік тілді оқытудың «Тіл мектебі» бірегей авторлық инновациялық әдістемелерінің әдіскерлерін, сондай-ақ конкурстардың жеңімпаздарын Қазақстан халқы Ассамблеясының дипломдарымен және алғыс хаттарымен, бағалы сыйлықтарымен марапаттау өткізіледі.






