ІХ Республикалық «Мағжан оқулары» байқауы 24-25 маусым аралығында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы өтетін болады.
Байқауға ережеге сай 3 бағыт бойынша облыстың кезеңде бас жүлдені жеңіп алған 3 оқушы қатыспақшы. Олар: Сисенбай Нұрай Жайлауқызы, Шахай Ләззат, Елеусінов Бекзат Қанатұлы.
Сисенбай Нұрай Жайлауқызы – Қызылқоға ауданы Мұқыр орта мектебінің 10-класс оқушысы. Оның қатысатын номинациясы – «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім». Бұл номинация бойынша Нұрай Мағжан өлеңдерін жатқа, нақышына келтіріп мәнерлеп оқудан сайысқа түседі. Сайыста Нұрайдың жаттаған шығарманы мәнерлеп оқу дикциясы, интонациясы, әртістік қабілеті бағаланады. Нұрай ақынның 104 өлеңін жатқа біледі.
Шахай Ләззат – Исатай ауданы Новобогат орта мектебінің 8-класс оқушысы. Оның қатысатын номинациясы – «Толқынмен толқын сырласып…». Бұл номинация бойынша Ләззат «Мағжан Жұмабаев өлеңдеріндегі «бұлт» символы» тақырыбымен ақын шығармалары бойынша зерттеген жобасын қорғайтын болады. Байқауда Ләззаттың зерттеу жобасының мазмұны, құрылымы, тақырыпты аша білуі бағаланады.
Елеусінов Бекзат Қанатұлы – Исатай ауданы Исатай орта мектебінің 10-класс оқушысы. Оның қатысатын номинациясы – «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған». Бұл номинация бойынша Бекзат жас ақындармен бәйгеге түседі. Бұл бәйгеде Бекзаттың ақындық шеберлігін тексеру мақсатында тақырып беріледі, сол тақырып бойынша Бекзат Мағжан Бекенұлы Жұмабаевқа арнап өлең шығарып, кейін жазған өлеңін мәнерлеп оқып беруі тиіс.
Байқауға қатысқалы отырған оқушыларымызға жеңіс, табыс тілейміз!






