Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

Республикалық “Мағжан оқуларында” Гран Приді атыраулық оқушы жеңіп алды

Республикалық "Мағжан оқуларында" Гран Приді атыраулық оқушы жеңіп алды

Республикалық “Мағжан оқулары” байқауынан 3 бағыт бойынша Атырау облысынан қатысқан 3 оқушы да жүлдеге ие болды.

Қызылқоға ауданы Мұқыр орта мектебінің 10-класс оқушысы – Сисенбай Нұрай Жайлауқызы “Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім” номинациясы бойынша ГРАН ПРИ жеңіп алды. Бұл номинация бойынша Нұрай Мағжан өлеңдерін жатқа, нақышына келтіріп мәнерлеп оқудан сайысқа түсті. Сайыста Нұрайдың жаттаған шығарманы мәнерлеп оқу дикциясы, интонациясы, әртістік қабілеті бағаланды. Нұрай ақынның 104 өлеңін жатқа біледі.

Сондай-ақ Исатай ауданы Исатай орта мектебінің 10 сынып оқушысы Елеусінов Бекзат Қанатұлы “Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған” номинациясы бойынша 1-орын алды. Бұл номинация бойынша Бекзат жас ақындармен бәйгеге түсті. Бұл бәйгеде Бекзаттың ақындық шеберлігін тексеру мақсатында тақырып берілді, сол тақырып бойынша Бекзат Мағжан Жұмабаевқа арнап өлең шығарып, кейін жазған өлеңін мәнерлеп оқып берді.

Үшінші шәкіртіміз – Исатай ауданы Новобогат орта мектебінің 8-класс оқушысы “Толқынмен толқын сырласып…” номинациясы бойынша 3 орынға ие болды. Бұл номинация бойынша Ләззат «Мағжан Жұмабаев өлеңдеріндегі «бұлт» символы» тақырыбымен ақын шығармалары  бойынша зерттеген жобасын қорғады. Байқауда Ләззаттың зерттеу жобасының мазмұны, құрылымы, тақырыпты аша білуі бағаланды.

Айта кетейік, ІХ Республикалық «Мағжан оқулары» байқауы 24-25 маусым аралығында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы өтті.

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау