Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

17 оқушымыз «Зерде» республикалық конкурсына қатысады

«Дарын» республикалық орталығы 26-28 қаңтар аралығында 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» ХVI республикалық конкурсын онлайн режимде өткізеді.

Жыл сайын өткізілетін конкурстың мақсаты ғылыми-зерттеу жұмыстарына қабілетті дарынды оқушылардың белсенділігін арттыру. Байқау аудандық, облыстық және республикалық кезеңдерден тұрады.

Конкурстың алғашқы кезеңіне өту үшін әуелі мектепшілік іріктеу жүргізіліп, 585 оқушы қатыcты. Соның 278-і аудандық / қалалық кезеңге өтті. Бұл кезең бойынша 205 жүлдегер анықталып, оның 135-і облыстық кезеңге жіберілді. Ал облыстық кезең бойынша 78 жүлдегер анықталып, солардың ішінен оза шапқан 17 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.

Ал жалпы республикалық кезеңнің ең үздігі атану үшін еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ге жуық қатысушы бәсекеге түсіп, бақтарын сынамақ.

Конкурс 9 секция бойынша онлайн режимде өткізіледі.