23 – қазан күні Атырау облысы Білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» жұмыс жоспарына сәйкес, бүгін Махамбет ауданында «Идея, мотивация, жетістік» атты көшпелі семинар жұмысын бастады.
Семинардың негізгі мақсаты-аудан педогогтерінің кәсіби дамуына қолдау көрсету, олимпиадалар мен конкурстарға дайындаудың тиімді жолдарымен бөлісу болып табылады.
Орталық басшысы Руслан Құрманғалиұлы басқосуды ашып, оқушылары халықаралық, республикалық олимпиадалар мен конкурстардан жүлде алып жүрген озат тәжірибелі жас ұстаздарды, яғни спикерлерді таныстырды.
Көшпелі семинардың спикерлері:
1. Аяз Мевлют – Облыстық «Білім-Инновация» лицейінің физика пәні мұғалімі.
2. Еркинова Ақерке Мұратқызы – Атырау қаласы, IT мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі.
3. Сдихова Жайнагүл Теміржанқызы – Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
4. Хайрлиева Ардак Тулеуовна – Индер ауданы, Махамбет атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Жас та болса, “Үздік педагог” атағын жеңіп алған, “Еңбек сіңірген ұстаз”, ПШО тренерлері атанған спикерлер олимпиадаға оқушыларды дайындаудың тиімді жақтары мен конкурсқа қатыстыру үшін оқушы мотивациясын арттыру жайлы ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» негізгі миссиясы таныстырылып, облыс бойынша соңғы жылдардағы республикалық, халықаралық деңгейдегі оқушылардың жетістіктері сарапқа салынды.
Семинар соңында аудандық мектеп басшылары сөз алып, мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ететін көшпелі семинар жұмысына сәттілік тіледі. Өздерінің білім-парасатымен үлгі болып отырған спикерлерге ризашылық сезіммен алғыс білдірді.