Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

Пәндік олимпиаданың екінші кезеңінің екінші күні басталды

Бүгін, 9 ақпан жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші кезеңінің екінші күні.

15 пән бойынша өтетін олимпиада пандемияға байланысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау мақсатында бес күнге созылады.

Бүгін түске дейін екі пән бойынша – география, информатика, түстен кейін қазақ тілі және орыс мектептеріндегі қазақ тілі пәндерінен өтеді.

Айта кетейік, аудандық-қалалық кезең 8-12 ақпан аралығында, облыстық кезең 22 ақпан-3 наурыз аралығында өтетін бұрын хабарлағанбыз.