Бүгін, 10 ақпанда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық, аудандық кезеңінің үшінші күні өтуде.
“Орыс тілі”, “Қазақ мектептеріндегі орыс тілі” және Қазақстан тарихы” мен “Құқықтану негіздері” пәндері бойынша Атырау қаласы және облыстағы 7 ауданнан барлығы 950-ге жуық оқушы біліктілігін сынайды деп күтілуде.
Еске сала кетейік, олимпиаданың қалалық, аудандық кезеңі 8 – 12 ақпан аралығында, облыстық 22 ақпан – 3 наурыз аралығында өтеді.





