
Атырау облысы Білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен «Алғашқы қадам» облыстық дебат турнирінің қорытындысы жарияланды.
Байқау нәтижесі бойынша қатысушылар арнайы номинациялар мен жүлделі орындарға ие болды.
АРНАЙЫ НОМИНАЦИЯЛАР:
– «Үздік спикер»– Сәрсенбай Азамат (Құрманғазы ауданы, Ақкөл жалпы орта мектебі, 8-сынып). Жетекшісі: Джаменова Алия Адиловна.
– «Үздік оратор»– Сәулетқызы Ұлпан (Индер ауданы, М. Сиранов атындағы орта мектеп, 7-сынып). Жетекшісі: Рыскалиева Айнұр Батырғалиқызы.
– «Үздік сараптама»*– Болатжанов Парасат (Жылыой ауданы, №13 ЖОББ мектебі, 7-сынып). Жетекшісі: Тұралы Толғанай, Нұрланқызы Гүлнұр.
«Ең мақсатты ойыншы»– Әдебиет Маржан (Махамбет ауданы, Ақтоғай орта мектебі, 8-сынып). Жетекшісі: Дәулетова Бибігүл.
ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ:
«Зияткер» командасы – Атырау облыстық «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты. Жетекшісі: Мадиева Жанар Қайратқызы
– «Наркескен» командасы – Атырау қаласы, М. Өтемісов атындағы орта мектебі. Жетекшісі: Темірғалиева Нұргүл Айтжанқызы
ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ:
– «Ұшқын» командасы – Индер ауданы, М. Сиранов атындағы орта мектебі. Жетекшісі: Рысқалиева Айнұр Батырғалиқызы
І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ:
– «Ақиқат Құрманғазы» командасы – Құрманғазы ауданы, Ақкөл жалпы орта мектебі. Жетекшісі:Джаменова Алия Адиловна
Зияткерлік сайысқа қатысып, өз білімдері мен шешендік қабілеттерін танытқан барлық оқушылар мен жетекшілерді құттықтаймыз!
Жас пікірсайысшылардың ізденісі артып, алдағы додаларда да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!





